Диалогтар: (20-күн)

A2


Эрика: Сәлем, Самат!

Самат: Сәлем, Эрика!

Эрика: Мен Германиядан келдім. Қазақстандағы мерекелер жайында мақала жазғым келеді. Маған мерекелер жайында ақпарат бере аласың ба?

Самат: Әлбетте! Біз шілде айында “Ұлттық Домбыра күнін” тойлаймыз.

Эрика: Домбыра қазақ халқының ұлттық аспабы, солай ғой?

Самат: Дұрыс айтасың! Халқымыз домбыраны ерекше қастерлеген. Домбыраға үкі тағып, төріне ілген.

Эрика: Бұл мереке қалай тойланады?

Самат: Өткен жыл елордамызда 2000-нан астам күйшілер өнер көрсетті. Домбырашыларымыз концертте «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сары­арқа» күйлерін орындады.

Эрика: Мәссаған! Мен бұл ғаламат концертті тамашалағым келеді!

Самат: Міндетті түрде шілде айында Қазақстанға қайта кел! Керемет мерекенің куәсі бол!

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book