Сөздік: (16-күн)
Сөздік
- азық-түлік – тамақ, ас, қорек
- ақшалай – қағаз ақша немесе монеталар арқылы жасалған төлем түрі
- арнайы – әдейі, ерекше
- (ас) мәзір(і) – меню, тағамдардың құрамы және бағасы көрсетілген тізімі
- әлем – жер жүзі, дүние- жүзі, жиһан, ғалам
- даяшы – асхана/мейрамхана жұмысшысы, қонақтарды күтуші
- дайын – әзір, даяр
- дәріхана– дәрі сататын орын
- жеткізу – бір затты тиісте жерге апару
- көкөніс – бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, т.б.)
- көмек көрсету – жәрдем беру, көмектесу, қолғабыс ету
- кірістіру – енгізу, кіргізу, қосу
- қант – ақ түсті тәтті зат, шекер
- құрам – бүтін нәрсені құраушы бөліктері/жиынтығы
- құрылу – ұйымдастырылу, жасалу
- (мобильді) қосымша – планшеттер мен смартфондарға арналған бағдарлама
- мейрамхана – ресторан
- пайдаланушы – ақпараттық жүйені пайдаланатын субъект/адам
- сатып алу – тауарды/қызмет түрін құнын төлеп иелену
- тапсырыс – бір нәрсені дайындауға, орындауға тапсырылған іс/жұмыс/шаруа
- тапсырыс беру – тапсырыс жасау
- төлем – бір нәрсенің/қызметтің орнына берілген, өтелген зат
- ұсыну – кеңес беру
- чек – ақша төленгенде берілетін талон
- ірімшік – сүттен жасалатын тағамның бір түрі, сыр
- QR (Quick Response) – телефонның/смартфонның камерасы арқылы ақпарат беретін штрих-код (мысалы, QR-кодтарды сканерлеу арқылы төлем жасау)