Сөздік: (17-күн)
Сөздік
- ассорти – арнайы іріктелген тауарлардың жиынтығы
- бауырсақ – ұлттық тағамның бір түрі
- бешбармақ/бесбармақ – ұлттық тағамның бір түрі
- дәм – түрлі тағамдардың ауызға білінетін татымы/дәмі
- жеңілдік – тауардың бастапқы бағасының кемуі
- жент – ұлттық тағамның бір түрі (тіскебасар тағам)
- жиі – үзбей, тез, арасын ұзатпай
- күз – төрт мезгілдің бірі (күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша)
- қабырға – адам мен жан-жануарларда кездесетін жіңішке сүйек
- қақталған (қақтау) – кептірілген, ысталған
- қазы – ұлттық тағамның бір түрі
- нақыш – ою, өрнек, ерекше мәнер
- сірне – ұлттық тағамның бір түрі
- табу – кезіктіру, тауып алу
- түскі ас – түс мезгілінде ішетін тағамдардың жалпы атауы
- тіскебасар (snack) – кез-келген жеңіл тағам (кептірілген жеміс, жаңғақ және т.б.)
- тіл үйіру (тіл үйіретін тағам) – өте дәмді, тәтті, ауыздың дәмін келтіретін
- ұлттық – белгілі бір ұлтқа тән, ұлт ерекшеліктерін көрсететін
- ұсыну – көрсету, кеңес беру
- ши қуырдақ – ұлттық тағамның бір түрі