Сөздік: (24-күн)
Сөздік
- автотұрақ – автокөлiктep тұратын аpнаулы оpын
- ақылдасу – кеңесу, пікірлесу
- әзірлеуші – дайындаушы, құрастырушы, жасаушы
- бейнебақылау – бейне/дыбыс жазу құралдары арқылы қандай да бір нысанды байқау, аңду
- жатын бөлме – ұйықтауға арналған бөлме
- жалға алу – уақытша пайдалануға алу
- жалдау ақысы – уақытша пайдалануға алынған зат үшін төленетін ақы/құн/ақша
- оқшау – өзгеден бөлек, жеке-дара, оңаша
- жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты басқа мүлік
- кешен – комплекс
- кіреберіс – үйдің, ғимараттың дәл есік алды, кіретін жері
- қала сырты – қаланың орталығында орналаспаған жер
- саябақ – серуендеу, демалу мақсатындағы жасыл жиекті демалыс орны
- сынып – түр, сорт
- шабыттану – бір істі орындауға құлшыну, жігерлене кірісу
- шағын – кішкентай, ықшам