Сөздік: (25-күн)
Сөздік
- әдепсіздік – әдебі жоқтық, ұятсыздық, көргенсіздік
- әдет-ғұрып – дәстүрге айналған қоғамдық тәртіп
- баса көктеп кіру – рұқсатсыз ішке кіру
- қандас – шығу тегі, қаны бір; туыстас
- қонақ – үйге келген мейман
- құрмет – сый, ізет, қошемет
- қуу – соңына түсу
- мәртебе – абырой-атақ, даңқ, дәреже
- төр -үйдегі сыйлы қонақтар, жасы үлкен адамдар отыратын ең құрметті орын
- түнеу – қону, біреудің үйінде қонақтау
- шаңырақ – киіз үйдің негізгі бөлігі, уықтарды біріктіретін үстіңгі шеңбер
- шарт – талап, міндет
- шығарып салу – есікке дейін жеткізу арқылы қоштасу