Диалогтар: (14-күн)
A1
I.1
Алма: Спортпен шұғылданасың, солай ғой?
Мұрат: Иә, шұғылданамын.
Алма: Қай түрімен?
Мұрат: Қысқы спорт түрімен.
I.2
Алма: Қандай қысқы спорт түрлері бар?
Мұрат: Хоккей, мәнерлер сырғанау, шаңғы.
Алма: Хоккейге бірге барайық!
Мұрат: Иә, ертең барайық. Кездескенше.
A2
Айша: Жұлдыз сен спорттың қай түрімен шұғылданасың?
Жұлдыз: Маған волейбол ойнаған ұнайды.
Айша: Университетіміздің волейбол командасында барсың ба?
Жұлдыз: Әрине. Командамызда 18 адам.
Айша: Волейболды қанша адам ойнайды?
Жұлдыз: Волейбол ойынында бір командада 6 адам болуы қажет. Сен қандай спорт түрімен шұғылданасың?
Айша: Мен әр демалыс күндері жүзуге барамын.
Жұлдыз: Қандай керемет! Саған қызығып тұрмын, себебі мен жүзе алмаймын.
Айша: Саған үйрете аламын.
Жұлдыз: Шынымен бе?! Қатты қуанып тұрмын. Көмегіңе рақмет, құрбым!