Мәтіндер: (21-күн)

Көк базар

Заманауи үлгідегі шығыс базары

Зенков көшесіндегі Көк базар – аты күллі Алматыға белгілі нағыз туристтік орын. Жүз жылдан аса тарихы бар сауда нүктесі заманауи шығыс базары үлгісінде болса да, жергілікті боямасы кетпеген. Мұнда сіз азық-түлік, киім, жиһаз, құрылыс жабдықтарын таба аласыз, ал шаршап, ашықсаңыз  дәмді үй тағамдарын әзірлейтін асханалардан дәм тата аласыз.

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

#2

Бұл жерден Қазақстанның көп ұлттылығын тамашалап қайтуға болады. Жайдары өзбек саудагерлері кептірілген жемістерін ұсынса, тәжіктер тәтті қауындар мен қарбыздардың дәмін татуға шақырып, «қазақстандық» кәрістер өздерінің дәстүрлі дәмдеуіштері қосылған салаттарымен қуантады. Бұл тізімді әлі де ұзақ жалғастыра беруге болады.

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book