Диалогтар: (23-күн)
A1
I.1
Алма: Менің шаштаразшым сымбатты.
Мұрат: Шынымен бе?
Алма: Иә, ұзын бойлы, қара торы, көздері қоңыр, кірпіктері ұзын.
Мұрат: Сақалы бар ма?
Алма: Жоқ.
I.2
Алма: Шашыңызды қалай кесейін?
Мұрат: Қысқа етіп кесіңіз.
Алма: Қаншалықты қысқа болсын.
Мұрат: Ұшынан аз кесіңіз.
A2
Оператор: Қайырлы күн. Сіз Top.kz кәсіби тазалау компаниясына хабарласып тұрсыз. Менің есімім Жеңісбек. Сізге қандай көмек көрсете аламын?
Балнұр: Қайырлы күн. Ертеңге пәтерді толық тазалаудан өткізу қажет еді.
Оператор: Түсінікті. Біз таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 10-ға дейін жұмыс жасаймыз. Сізге қай уақытқа қажет?
Балнұр: Таңғы сағат 10:00-де келсеңіздер жақсы болатын еді.
Оператор: Жақсы. Сіздің пәтеріңіз қанша бөлмелі?
Балнұр: Екі бөлмелі пәтер
Оператор: Екі бөлмелі пәтер үшін қызметіміз 13500 теңгеден басталады.
Балнұр: Жақсы
Оператор: Сіздің мекен-жайыңыз және байланыс телефоныңыз қандай?
Балнұр: Мәңгілік ел, 26, 6-қабат 24 пәтер. Байланыс телефоным: 87002589645
Оператор: Ертең таңғы сағат 10:00-де қызметкерлеріміз келетін болады. Бізді таңдағаныңыз үшін алғысымыз шексіз!
Балнұр: Рақмет, сау болыңыз!
Оператор: Сау болыңыз.