Диалогтар: (22-күн)
A2.1
Кеңес беруші: Қайырлы таң! Сіз Ламода интернет дүкеніне хабарласып тұрсыз. Менің есімім Балым. Сізге қандай көмек көрсете аламын?
Тұтынушы: Сәлеметсіз бе! Менің тапсырысым көрсетілген күннен кешігіп жатыр. Себебін білсем болады ма?
Кеңес беруші: Есіміңізді және телефон нөміріңізді айта аласыз ба?
Тұтынушы: Жанар Батырова. Телефон нөмірім 8-778-645-04-14.
A2.2
Кеңес беруші: Сіз тапсырыс берген тауарлар көйлек, белдемше және шалбар, дұрыс па?
Тұтынушы: Иә, дұрыс. Тапсырыс берген заттарым шамамен қай уақытта келеді?
Кеңес беруші: Екі күн ішінде мекен-жайыңызға жеткізілетін болады.
Тұтынушы: Не себепті бүгін келмеді?
Кеңес беруші: Сіздің заттарыңыз үш күн бұрын курьерге берілген болатын. Жалпы алғанда 5 күн ішінде жеткізіледі.
A2.3
Тұтынушы: Бірақ тапсырыс бергенде 3 күн ішінде жеткізіледі деген болатын.
Кеңес беруші: Біздегі барлық тауарлар 3 немесе 5 күн аралығында жеткізіледі. Бұл сіздің тұрғылықты мекен-жайыңызға байланысты өзгеруі мүмкін.
Тұтынушы: Түсінікті. Көмегіңізге рақмет.
Кеңес беруші: Сізге тағы қалай көмектесе аламын? Сұрағыңыз бар ма?
Тұтынушы: Сұрағым жоқ, рақмет! Сау болыңыз.
Кеңес беруші: Сау болыңыз.