Диалогтар: (7-күн)

A1


I.1

Алма: Ағылшын тілін қалай үйрендің?

Мұрат: Курсқа бардым.

Алма: Қиын болды ма?

Мұрат: Жоқ, қиын емес. Оңай болды.

I.2

Алма: Орысша білесің бе?

Мұрат: Жоқ, орысша білмеймін. Тек қазақ тілінде сөйлеймін.

Алма: Қандай керемет!

I.3

Алма: Компьютер сөзінің қазақшасы бар ма?

Мұрат: Түсінбедім?

Алма: Бұл сөзді қазақша қалай айтасыз?

Мұрат: Жоқ, компьютер деп айтамыз.

A2

Алма: Сәлем, Әлихан. Жағдайың қалай?

Әлихан: Бәрі тамаша! Сен жоғары оқу орнына түсуге дайындалып жүрсің бе?

Алма:  Иә, кеше IELTS нәтижелері шықты.

Әлихан: Нәтижесі қалай болды?

Алма:  9-дан 7.5 балл жинадым.

Әлихан: Тамаша!  Мен осы апта Назарбаев Университетіне құжаттарымды жіберемін.

Алма:  Менің де магистратурада оқығым келеді, сол үшін IELTS-қа ұзақ дайындалдым.

Әлихан:  Құжат тапсыруға бірге барайық!
Алма:  Қуана қуана! Кездескенше.

Әлихан:  Кездескенше!

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book