Диалогтар: (25-күн)
I.1
Алма: Қарным ашты?
Мұрат: Түскі асыңды ішпедің бе?
Алма: Жоқ, жемедім. Тіскебасар жедім. Кофе іштім.
Мұрат: Дәл қазір бұрышта орналасқан асханаға барайық.
I.2
Алма: Уақытың болса, кешкі асты бірге ішейік.
Мұрат: Жақсы ой, бірақ менің жұмысым бар.
Алма: Олай болса, ертең кешке кездесейік.
Мұрат: Жақсы. Саған хабарласамын.
A2.1
Балым: Әжетай, анам мен әпкем дастархан дайындап жатыр. Бүгін үйге қонақтар келеді ме?
Әжесі: Иә, қызым. Ағайын-туыстарымыз келеді.
Арсен: Әже ағайын-туыс деген кім?
Атасы: Арсентайым, ағайын-туыс деген бір атадан тараған жақын қандастарымыз.
Арсен: Ата, қонақтар келді.
A2.2
Анасы: Үстел басына жиналыңыздар. Тамақ дайын болды.
Атасы: Ағайындар үстел басына келіңіздер. Құлындарым, келіңдер.
Әкесі: Әке, асқа бата беріңіз….. Арсентай, тоқтай тұр. Асты бірінші атаң бастасын.
Арсен: Неге?
Әкесі: Қазақта үлкен кісілерге құрмет көрсеткен. Асты үлкендерден бұрын бастау әдепсіздік.
Арсен: Жақсы, әке. Түсіндім.