Диалогтар: (26-күн)
A1
I.1
Алма: Бауырларым Әзербайжанда тұрады.
Мұрат: Оларды сағындың ба?
Алма: Өте қатты сағындым.
I.2
Алма: Саяхат жасауды ұнатасың ба?
Мұрат: Иә, қатты ұнатамын.
Алма: Жиі саяхаттайсың ба?
Мұрат: Жоқ, өте сирек.
A2
Болат: Серік, осы сен Ақтауда болдың ба?
Серік: Жоқ, мен Қазақстанның батысында болып көрмедім.
Болат: Осы жазда Ақтауға барып қайтайық.
Серік: Баруға болады. Бірақ ұшаққа билетті алдын ала алу керек.
Болат: Пойызбен барсақ ше?
Серік: Ақтау Астанадан алыс қой. Пойыздар 2 күн жүреді.
Болат: Дұрыс айтасың. Ақтауға барып, Каспий теңізін көрейік.
Серік: Тек Каспий теңізіне емес, Бозжыраға бару қажет.
Болат: Мен батыста киелі жерлер көп деп естідім.
Серік: Иә, дұрыс айтасың! Бекет Ата мешітіне де бару керек.
Болат: Жоспарды кейін құрамыз, билет алайық. Қашан барамыз?
Серік: Шілденің соңғы аптасында барсақ ше?
Болат: Иә, шілдеде билеттер арзан екен.
Серік: Онда шілдеде барайық!
Болат: Барайық!