Диалогтар: (27-күн)

A1


I.1

Алма: Университетке немен барасың?

Мұрат: Кейде жаяу жүремін, кейде автобусқа мінемін.

Алма: Нешінші автобусқа мінесің?

Мұрат: 10-автобусқа немесе 12-автобусқа отырамын.

Алма: Айырмашылығы неде?

Мұрат: 12-автобус жылдамырақ.

I.2

Алма: Алло, мен автобустамын. Автобус іші лық толы.

Мұрат: Мен де автобустамын. Автобус іші бос. Бүгін сәтті күнім.

Алма: Мен келесі аялдамада түсемін. Жаяу барамын.

A2

Абай: Сәлем, Әйгерім!

Әйгерім: Қалайсың, Абай?

Абай: Жақсы, сен ше?

Әйгерім: Жақсы. Бірақ көңіл-күйім жоқ.

Абай: Не болып қалды?

Әйгерім: Тапсырыс берген такси келмей жатыр. Ал маған әуежайға бару керек.

Абай: Сенің ұшағың нешеде?

Әйгерім: Сағат бесте.

Абай: Әлі екі сағат бар ғой. Неге автобуспен бармайсың? Жүгің көп пе?

Әйгерім: Университеттен әуежайға автобуспен баруға бола ма?

Абай: Әрине, бір емес, екі автобус барады. Оныншы және он екінші нөмірлі автобустар.

Әйгерім: Мен оны білмеппін, онда аялдамаға кеттім.

Абай: Жолың болсын!

Әйгерім: Рақмет!

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book