Диалогтар: (9-күн)
A1
I.1
Алма: Қай университетті бітірдің?
Мұрат: Колумбия университетін бітірдім.
Алма: Қай жылы?
Мұрат: Өткен жылы.
I.2
Алма: Профессормен не туралы сөйлесесің?
Мұрат: Магистратура туралы сөйлесеміз.
A2
Мұғалім: Айнаш, қалың қалай?
Оқушы: Профессор, өте жақсымын. Сізді көргеніме қуаныштымын! Сізге бірнеше сұрақтарым бар еді.
Мұғалім: Әрине.
Оқушы: Магистратураға қай елдерге тапсыратынымды ойланып жүрмін. Маған сол жайында кеңес бере аласыз ба?
Мұғалім: Еуропа мемлекеттерінің білім сапасы өте жоғары.
Оқушы: Дұрыс айтасыз.
Мұғалім: Мәселен, Британия, АҚШ, Германия, Финляндия университеттері жайында ізденсең болады.
Оқушы: Солай жасайын.
Мұғалім: Егер ұсынымхат қажет болса есігім саған әрқашан ашық!
Оқушы: Рақмет, профессор!
Мұғалім: Естуімше магистр студенттері үшін “Болашақ” халықаралық стипендиясы бар. Бұл бағдарлама жайында да ізденсең болады.
Оқушы: Өте дұрыс айтасыз. Олай болса ізденісімді арттырайын.