Мәтіндер: (10-күн)

Мен Әбихан Аружан, 1 курс студентімін. Мен 7:30-да ұйқымнан тұрып, күнімді ең алдымен жаттығу жасаудан бастаймын. Өзімді сергітіп, оның үстіне карантинде денсаулығыма жақсы көңіл бөліп, қалыпты дене бітімін сақтап жүрмін. 8:00-де әдеттегідей сабағым басталады. Жақсы көңіл-күймен сабаққа қатысып, 15:00-ге дейін барлық тапсырмаларды орындап, шығармашылыққа көңіл бөлемін. Күніне кем дегенде 1 сағатымды кітап оқуға арнаймын. Себебі кітап оқып, өзімді дамытқан сайын, уақытымның құр кетпейтінін білемін. Мақала жазып, жарыстарға қатысамын. Күн сайын бір сурет салып, күнімді қорытындылауға асығамын.

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

 

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book