Диалогтар: (10-күн)

A1


I.1

Алма: Таңертең сағат нешеде тұрасың?

Мұрат: Әр күн сағат 6:30-да тұрамын.

Алма: Одан кейін не істейсің?

Мұрат: Душқа түсемін. Тісімді жуамын. Киінемін. Таңғы ас ішемін. 

Алма: Үйден сағат нешеде шығасың?

Мұрат: Жеті жарымда.

I.2

Алма: Демалыс күндері не істейсің?

Мұрат: Кеш оянамын.

Алма: Нешеде тұрасың?

Мұрат: Сағат 11:00-ге дейін ұйықтаймын.

Алма: Кейін не істейсің?

Мұрат: Спорт залға, сауда орталығына және базарға барамын.

A2

Әлия: Жандос, дүйсенбі күндері сағат нешеде тұрасың?

Жандос: Менің сабақтарым сағат 10-да басталады. Сабаққа кешікпеу үшін сағат 7-ден 20 кеткенде оянамын.

Әлия: Мен сағат 6-дан 15 минут кеткенде оянамын. Өйткені сабағым сағат 9 – да басталады.

Жандос: Сабақтарың нешеде аяқталады?

Әлия: Сағат 3-ке 30 минут қалғанда аяқталады. Мен сабақтан шыққан соң француз тілі курсына барамын. Сенің курстарың сағат нешеде аяқталады?

Жандос: Менің курстарым сағат 4-те аяқталады. Сабағым біткен соң домбыра үйірмесіне барамын.

Әлия: Сен домбыра үйірмесінен үйге нешеде келесің?

Жандос: Менің домбыра үйірмем сағат 7. 15- те бітеді. Ал үйге сағат 8 шамасында келемін.

Әлия: Менің француз тілі курсым сағат 4-те бітеді. Үйге 5-тен аса келемін.

 

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book