Диалогтар: (11-күн)
A1
I.1
Алма: Қалайсың?
Мұрат: Жаман.
Алма: Неге? Не болды?
Мұрат: Ауырып қалдым.
Алма: Жазылып кет!
I.2
Мұрат: Асқазаным ауырып тұр.
Алма: Дәрігерге бардың ба?
Мұрат: Иә, бардым.
Алма: Тез жазылып кет!
Айша: Сәлем Жұлдыз. Қалың қалай?
Жұлдыз: Сәлем Айша. Жақсымын, рақмет! Сенің қалың қалай?
Айша: Рақмет, құрбым! Жақсымын. Өткен апта сабаққа неге келмедің?
Жұлдыз: Өткен апта сырқаттанып қалдым. Басым және тамағым ауырып, дауысым шықпай қалды.
Айша: Дәрігерге қаралуға бардың ба?
Жұлдыз: Емдеуші дәрігеріме бардым. Бірнеше дәрі-дәрмек жазып берді.
Айша: Қандай дәрілерді жазып берді?
Жұлдыз: Жөтелді басатын шәрбаттар берді. Қосымша суықты кетіретін дәрілер берді.
Айша: Қазір дәрі-дәрмек қабылдап жүрсің бе? Халің қалай?
Жұлдыз: Күн сайын үзбей қабылдап жүрмін. Бетім бері қарады.
Айша: Алла шипасын берсін! Тезірек сауығып кетуіңді тілеймін!
Жұлдыз: Рақмет, құрбым!
Айша: Өткізіп алған сабақтарың үшін еш уайымдама. Мен саған көмектесе аламын.
Жұлдыз: Керемет болушы еді. Көмегіңе көп рақмет!