Диалогтар: (16-күн)

A1


I.1

Алма: Кофе ыстық па әлде суық па?

Мұрат: Жылы.

Алма: Жарайды, маған бір жылы кофе.

I.2

Алма: Үстелдегі тәрелкелерді аласыз ба?

Мұрат: Жарайды, тазалаймын. Тапсырыс бересіз бе?

Алма: Бес минуттан кейін беремін. Досым келеді.

A2.1

Даяшы: Сәлеметсіз бе. Сізге қандай көмек көрсете аламын?

Баян: Маған ас мәзірін бере аласыз ба?

Даяшы: Әрине, мінекиіңіз.

Баян: Рақмет. Ең дәмді тағамдарыңыз қандай?

Даяшы: Ет жейсіз бе?

Баян: Жоқ, мен вегетарианмын.

Даяшы: Онда сізге сэндвич ұсына аламын.

Баян: Сэндвич құрамында не бар?

Даяшы: Көкөніс және ірімшік қосылған.

Баян: Жақсы, соны алайын.

Даяшы: Сусынға не аласыз? Бізде шай, кофе, лимонад, морс және компот бар.

Баян: Мен кофе алайын. Кофе сүт қосылған, қантсыз болсын. Одан бөлек, бір стақан су да алайын.

Даяшы: Жақсы, сіздің тапсырысыңыз 15 минутта дайын болады.

Баян: Рахмет!

A2.2

Баян: Кешіріңіз, тапсырыс берейін деген едім?

Даяшы: Тыңдап тұрмын.

Баян: Мен ташкент шайы және самсаға тапсырыс бергім келеді.

Даяшы: Бізде самсаның екі түрі бар. Бізде самсалар тауық етінен және сиыр етінен жасалған.

Баян: Сізде ірімшік қосылған самса жоқ па?

Даяшы: Өкінішке орай, жоқ.

Баян: Олай болса, маған чек алып келе аласыз ба?

Даяшы: Күте тұрыңыз! Төлемді қалай жасайсыз? Картамен бе немесе ақшалай ма?

Баян: QR-мен. Рақмет!

Даяшы: Сізді тағы да күтеміз. Келіп тұрыңыз!

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book