Диалогтар: (17-күн)

A1


I.1

Алма: Нават мейрамханасын іздеп жүрмін. Қай жерде орналасқан?

Мұрат: Тік жүріп, солға бұрылыңыз.

Алма: Сосын?

Мұрат: Қарсы бетке өтіңіз. Кинотеатрдың артында орналасқан.

I.2

Алма: Қасыңыздағы орындық бос па?

Мұрат: Иә, бос. Отырыңыз.

A2

Айша: Жібек, саған қандай тамақ түрі ұнайды?

Жібек: Мен “Сандық” мейрамханасының тамақтарын ұнатамын.

Айша: Ол қандай мейрамхана?

Жібек: Онда қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады.

Айша: Мәссаған, қандай қызық! Барып көру керек екен.

Жібек: Иә, бірақ олар тек Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында бар.

Айша: Мен күзде Алматыға барамын. Сол кезде міндетті түрде “Сандық” мейрамханасына барамын.

Жібек: Онда бауырсақты әртүрлі рецепт бойынша дайындайды. Бауырсаққа тапсырыс берсең болады!

Айша:  Бауырсақтан басқа қандай тағамдарға тапсырыс бере аламын?

Жібек: Жылқы етінен жасалған “Nomad” көжесіне. Оның дәмі тіл үйіреді.

Айша: Ши қуырдағын жеп көрдің бе?

Жібек: Иә, жеп көрдім, бірақ ол өте майлы.

Айша: Жарайды. Олай болса көжеге тапсырыс беремін.

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book