Диалогтар: (18-күн)
A1
Алма: Нан пісіргім келеді.
Мұрат: Интернеттен рецепт таба аласың.
Алма: Қай сайттан?
Мұрат: Тамақтар туралы бірнеше сайт бар.
A2
Жансая: Бүгін таңғы асқа не жедің?
Береке: Мен әдетте тек су ішемін. Кейде кофе мен круассан жеймін.
Жансая: Күннің ең маңызды тамағы таңғы ас екенін білесің бе?
Береке: Иә, бірақ менің таңғы ас ішуге уақытым жоқ. Сабағыма кеш қаламын.
Жансая: Тіскебасар жеп, кофе ішу денсаулыққа өте зиян.
Береке: Ал сен таңғы асқа не жейсің?
Жансая: Мен сүтке пісірілген күріш ботқасын, сүзбе және жұмыртқа жеймін.
Береке: Дәмді сияқты.
Жансая: Иә, бәрі дәмді, әрі тез дайындалады.
Береке: Ертеңнен бастап таңғы асты дайындап көремін. Таңғы ас үшін өз рецептеріңмен бөлісе аласың ба?
Жансая: Әрине. Саған тізімін әлеуметтік желі арқылы жіберемін.
Береке: Рақмет. Көріскенше!