Диалогтар: (20-күн)
A2
Эрика: Сәлем, Самат!
Самат: Сәлем, Эрика!
Эрика: Мен Германиядан келдім. Қазақстандағы мерекелер жайында мақала жазғым келеді. Маған мерекелер жайында ақпарат бере аласың ба?
Самат: Әлбетте! Біз шілде айында “Ұлттық Домбыра күнін” тойлаймыз.
Эрика: Домбыра қазақ халқының ұлттық аспабы, солай ғой?
Самат: Дұрыс айтасың! Халқымыз домбыраны ерекше қастерлеген. Домбыраға үкі тағып, төріне ілген.
Эрика: Бұл мереке қалай тойланады?
Самат: Өткен жыл елордамызда 2000-нан астам күйшілер өнер көрсетті. Домбырашыларымыз концертте «Көңіл ашар», «Адай», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Сарыарқа» күйлерін орындады.
Эрика: Мәссаған! Мен бұл ғаламат концертті тамашалағым келеді!
Самат: Міндетті түрде шілде айында Қазақстанға қайта кел! Керемет мерекенің куәсі бол!