Диалогтар: (8-күн)
A1
I.1
Алма: Сен грантта оқисың ба?
Мұрат: Иә, грантта оқимын. Сен ше?
Алма: Мен де грантта оқимын.
Мұрат: Қай университеттен грант ұттың?
Алма: Назарбаев Университетінен.
I.2
Алма: Қанша стипендия аласың?
Мұрат: Айына 100$ аламын.
Алма: Аз емес пе?
Мұрат: Иә, өте аз. Қосымша жұмыс істеймін.
A2
Қанат: Сәлем, досым! Қалың қалай?
Берік: Жақсымын, Қанат. Өзіңнің қалың қалай?
Қанат: Жақсымын. Саған бірнеше сұрақтарым бар еді?
Берік: Не жайында?
Қанат: Президенттік шәкіртақы жайында.
Берік: Мен өткен семестр президенттік шәкіртақының үміткері атандым.
Қанат: Керемет! Қандай талаптары бар?
Берік: Бірінші талап, семестр орта бағаң 3.75-тен жоғары болуы қажет.
Қанат: Мәссаған! Талабы жоғары екен.
Берік: Президенттік шәкіртақыдан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстарында профессорлардың көмекшісі болып жұмыс жасасаң болады.
Қанат: Керемет ой тастадың!
Берік: Олай болса, профессорларға хат жаз.
Қанат: Бүгіннен қалдырмай жазамын. Көмегіңе көп рақмет!
Берік: Оқасы жоқ.