Диалогтар: (19-күн)
A1
Алмат: Сәлеметсізбе, қалыңыз қалай?
Жазира: Сәлем, бәрі жақсы!
Алмат: Жазира апай, мен сізді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!
Жазира: Рахмет, балам, саған да келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!
A2
Асыл: Сәлем Мәди!
Мәди: Сәлем, Асыл!
Асыл: Наурыз мейрамына үш күн қалды. Сен наурыз мейрамында не істейсің?
Мәди: Университетімізде Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама өткізіледі. Қаласаң келіп тамашаласаң болады?
Асыл: Мейрам университетте де тойланады ма?
Мәди: Әрине, университет аумағында тойланады. Киіз үйлер құрылып, дастархан жайылады.
Асыл: Қазақтың ұлттық ойындары ойналады ма?
Мәди: Иә. Алтыбақан, арқан тартыс, жамбы ату секілді ұлттық ойындарымыз ойналады.
Асыл: Қандай керемет! Ұлттық тағамдардың қандай түрлері болады?
Мәди: Наурыз көже, бауырсақ, құрт, балқаймақ және жент секілді түрлі тағамдар жасалады.
Асыл: Наурыз көженің құрамында не бар?
Мәди: Көжені әр отбасы әртүрлі дайындайды. Сол себепті көженің құрамы өзгеріп тұрады.
Асыл: Сенің отбасыңда Наурыз көжені неден дайындайды?
Мәди: Анам Наурыз көжені 7 түрлі ингредиенттен дайындайды. Ішінде ет, айран, бидай, күріш, арпа, жүгері және құрт болады. Су мен тұз 7 заттың құрамына кірмейді.