Мәтіндер: (6-күн)

Тіл білетін адамдар

Тіл білетін адамдар көп. 2-3 тіл білетін адамдар одан да көп. Бүгін ең танымал полиглоттар туралы сөйлесейік. Оның ішінде ең танымал  5 полиглот туралы айтайық.

#1 Ватикан кітапханасының қорғаушысы кардинал Джузеппе Каспар Меццофанти туралы көп айтылады екен. Байронның замандасы 114 тілден аударма жасаған. 60 тілде еркін сөйлеп, 50-ге шақты тілде өлеңдер мен эпиграммалар жазған.

#2 Аудармашы және жазушы Като Ломб 15 тілді меңгерген, оның ішінде — итальян, француз, поляк, қытай, жапон тілдері де бар. Бұл тілдерді ол ересек кезінде, аз уақыт ішінде меңгеріп алған.

#3 Британ журналисті Гарольд Уильямс сексен тілді біледі. Ол он бір жасында грек, латын, иврит, француз және неміс тілдерін жаттап алған екен.

#4 Вилли Мельников Афганистанда әскери борышын өтеп жүргенде жараланады (контузия), осыдан кейін оның тіл меңгеруге деген адам сенгісіз қабілеті пайда болады. Ол 93 тілде өлең жазады.

#5 Иштван Даби, венгер аудармашысы және жазушы, 18 жасында 18 тіл білгенімен танымал болды. Тіл үйренуін жалғастыра берген Иштван Даби 103 тіл біледі.

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book