Сөздік: (16-күн)

Сөздік

  • азық-түлік – тамақ, ас, қорек
  • ақшалай – қағаз ақша немесе монеталар арқылы жасалған төлем түрі
  • арнайы – әдейі, ерекше
  • (ас) мәзір(і) – меню, тағамдардың құрамы және бағасы көрсетілген тізімі
  • әлем – жер жүзі, дүние- жүзі, жиһан, ғалам
  • даяшы – асхана/мейрамхана жұмысшысы, қонақтарды күтуші
  • дайын –  әзір, даяр
  • дәріхана– дәрі сататын орын
  • жеткізу – бір затты тиісте жерге апару
  • көкөніс – бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, қызанақ, қызылша, т.б.)
  • көмек көрсету – жәрдем беру, көмектесу, қолғабыс ету
  • кірістіру – енгізу, кіргізу, қосу
  • қант – ақ түсті тәтті зат, шекер
  • құрам – бүтін нәрсені құраушы бөліктері/жиынтығы
  • құрылу – ұйымдастырылу, жасалу
  • (мобильді) қосымша – планшеттер мен смартфондарға арналған бағдарлама
  • мейрамхана – ресторан
  • пайдаланушы –  ақпараттық жүйені пайдаланатын субъект/адам
  • сатып алу – тауарды/қызмет түрін құнын төлеп иелену
  • тапсырыс – бір нәрсені дайындауға, орындауға тапсырылған іс/жұмыс/шаруа
  • тапсырыс беру – тапсырыс жасау
  • төлем – бір нәрсенің/қызметтің орнына берілген, өтелген зат
  • ұсыну – кеңес беру
  • чек – ақша төленгенде берілетін талон
  • ірімшік – сүттен жасалатын тағамның бір түрі, сыр
  • QR (Quick Response) – телефонның/смартфонның камерасы арқылы ақпарат беретін штрих-код (мысалы, QR-кодтарды сканерлеу арқылы төлем жасау)

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book