Сөздік: (15-күн)

Сөздік

  • алдын алу – ауруды болдырмау, жол бермеу
  • бұлшықет – жануарлардың денесін қозғалысқа келтіретін мүше
  • денсаулық – адам ағзасының қалыпты жағдайы, аман-саулық
  • дос – серік, жолдас, сырлас
  • есте сақтау – белгілі бір ақпаратты жадында тұту
  • иммунитет – ағзаның инфекцияға (бөгде заттарға) қарсы тұру қабілеті
  • кепіл – міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі
  • күресу – қарсы әрекет ету, шайқасу, қарсыласу
  • қабілет – адамның бір нәрсені орындаудағы бейімділігі, икемділігі, ерекше қасиеті
  • қозғалыс – қимыл, адам денесінің іс-әрекеті
  • қорқу – үрейлену, шошу
  • омыртқа – жан-жануарлардың арқа (қаңқа) сүйегі
  • пайда – табыс, кіріс, тиімділік
  • сабақ – пән, курс
  • салауатты – аман-есен, сау
  • сауығу – ауруынан жазылу
  • тақырып – жазған шығарманың, баяндаманың немесе сабақтың аты немесе “темасы”
  • тыныс алу – дем алу, ауа жұту
  • тыныштандыру – көңілін жайландыру, басылу, жұбану
  • физикалық жаттығу – дене жаттығулары

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book