Сөздік: (18-күн)

Сөздік

  • әдетте – үйреншікті дәстүрмен, ылғи
  • әлеуметтік желі – онлайн-платформа, ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау және уақыт үнемдеу құралы
  • ботқа – дәнді-дақылдарды суда/сүтте қайнатып жасалатын тағам
  • дастархан – тамақ жеу үшін жайылатын, тағам қоюға арналған жайма
  • дәстүрлі – әдетке айналған, ұлт мәдениетіне тән
  • жеу – ас ішу
  • жіберу – жолдау, жөнелту (мысалы, Интернет арқылы хат жіберу)
  • илеу – суда ұнды араластырып тұтқыр массаға айналдыру (мысалы, қамыр илеу)
  • көбік – ақ немесе сарғыш түсті көпіршік
  • кеш қалу – кешігу
  • қайнату – тамақты сулы/булы ортада пісірудің бір түрі
  • қамыр – суға/сүтке иленген ұн, шикі нан
  • құю – сұйықтықты ыдысқа төгу
  • мақтаныш – адамның жетістіктері/табыстарына риза екендігін білдіретін көңіл күйі, қуаныш
  • пісіру – тамақ дайындау, әзірлеу
  • салу – қою, орналастыру, тастау
  • сүзбе – айраннан сүзіліп жасалатын тағам
  • таңғы ас – таңертең желінетін астың жалпы атауы
  • тұздық – дайын тағамдарға қосып берілетін пияз, сарымсақ бар майлы сорпа
  • ішу – сұйық заттарды жұту, сіміру, ұрттау

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book