Сөздік: (3-күн)

Balaussa Amir

Сөздік

  • балабақша – балаларға арналған арнайы оқу орны
  • бару – бар етістігінің қимыл атауы; Алматыға бару, шетелге бару
  • білім алу – үйрену, оқу
  • білім беру – үйрету, оқыту
  • дайындау – әзірлеу, жасау
  • демалыс – 1) апта соңы, үзіліс; 2) мереке, мейрам (1-мамыр біз үшін демалыс.)
  • жас – адамның жасы (Ол 5 жаста)
  • жер – мекен, территория, аймақ
  • жұмыс күні – еңбек күні; қызметкерлердің бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі
  • жүйе – өзара тығыз байланысты элементтердің реттелген жиынтығы
  • күндіз – тәуліктің күн шыққаннан батқанға дейінгі аралығы
  • қорытынды емтихан – білім дәрежесін анықтайтын сынақ
  • құралу – жинақталу, бірігу
  • мектеп – білім беретін оқу орны
  • меңгерту – үйрету, оқыту
  • созылу – ұлғаю, көбею
  • тамақ –  ішіп-жем, тағам, дәм, ас
  • тану – жаңа дағдыларды үйрену, сіңіру, білу
  • ұстаз – мұғалім, оқытушы

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Balaussa Amir. All Rights Reserved.

Share This Book