Сөздік: (5-күн)

Balaussa Amir

Сөздік

  • ағайын-туыс – бір атадан тараған жақын, қандас туысқандар
  • ана – туған шеше
  • ата – әкесінің/анасының әкесі
  • әке – отбасының бас мүшесі
  • әже – әкесінің/анасының шешесі/анасы
  • бауыр – бірге туған қандас, ағайындас адамдар
  • гүлшоқ – букет, кісіге сыйлыққа берілетін гүлдердің тобы/шоғыры
  • қуаныш – бір нәрсеге риза болу сезімі
  • отбасы –  үй-іші, бала-шаға (атасы, әжесі, ата-анасы, балалары)
  • (отбасы) мүшесі – бір үйде өмір сүретін жақын туыстар
  • суретке түсіру – фотоаппаратпен адамның бейнесін түсіру
  • сыйлық – сыйға берілген зат
  • сіңілі – бір әке-шешеден туған қыздар (кішісі үлкеніне сіңлі болады)
  • іні – бір әке-шешеден туған ұл балалар (кішісі үлкеніне іні болады)

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Balaussa Amir. All Rights Reserved.

Share This Book