Диалогтар: (1-күн)
Balaussa Amir
A1
I.1
Алма: Сәлем! Қалайсың?
Мұрат: Жақсы. Сен қалайсың?
Алма: Жаман емес.
I.2
Мұрат: Менің атым Мұрат.
Алма: Менің атым Алма.
Мұрат: Танысқаныма қуаныштымын!
Алма: Мен де.
I.3
Мұрат: Жасың нешеде, Алма?
Алма: Баяу айтыңыз.
Мұрат: Жа-сың не-ше-де, Алма?
Алма: Мен 20 жастамын. Сен ше?
Мұрат: 23 жастамын.
I.4
Мұрат: Сау бол!
Алма: Көріскенше!
A2
Ғалымжан: Сәлем, Қанат! Қалың қалай?
Қанат: Сәлем, Ғалымжан! Жақсы, рақмет. Өзің қалайсың?
Ғалымжан: Жаман емес. Сен қай университетте оқисың?
Қанат: Назарбаев Университетте оқимын.
Ғалымжан: Мен де. Сен нешінші курста оқисың?
Қанат: Бірінші курста.
Ғалымжан: Мамандығың қандай?
Қанат: Электринженерия факультетінде оқимын.
Ғалымжан: Жатақханада тұрып жатырсың ба?
Қанат: Иә. Жатақханада тұрамын.
Ғалымжан: Мен де жатақханада тұрамын.
Қанат: Менің қазір кетуім керек. Асығып тұрмын.
Ғалымжан: Олай болса, кездескенше!
A2
Күзетші: Сіз осында оқисыз ба?
Ғалымжан: Иә, мен студентпін.
Күзетші: ID картаңыз бар ма?
Ғалымжан: Мен жаңадан келген студентпін. Менің атым тізімде бар.
Күзетші: Аты-жөніңіз кім?
Ғалымжан: Ғалымжан Асанұлы.
Күзетші: Жақсы, кіріңіз.
Ғалымжан: Кітапханаға баруым қажет. Кітапхана қай жерде?
Күзетші: Бесінші блокта. Тура жүре беріңіз. Кітапхана оң жағыңызда болады.
Ғалымжан: Рақмет!