Диалогтар: (3-күн)
Balaussa Amir
A1
I.1
Алма: Оқуыңыз қашан аяқталады?
Мұрат: Құдай қаласа, келесі жылы.
I.2
Алма: Магистратурадан кейін не істейсіз?
Мұрат: Докторантураға тапсырамын.
A2.1
Жібек: Сәлем Баян! Қалың қалай?
Баян: Сәлем Жібек. Жағдайым өте жақсы. Сенің қалың қалай?
Жібек: Жақсымын, Баян. Осы семестрде қандай курстарды аласың?
Баян: Бірінші курс студентімін. Сондықтан, Қазақстан тарихы, математика, физика және қазақ тілі курстарын аламын. Сен қандай курстар аласың?
Жібек: Мен әлеуметтану, антропология, тарих және лингвистика курстарын аламын.
Баян: Курстар қызықты өтеді ме?
Жібек: Иә, курстар өте қызықты өтеді.
A2.2
Қанат: Сәлем Берік! Сенің лекцияларың аптасына неше рет болады?
Берік: Сәлем. Менің лекцияларым аптасына үш рет болады. Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері болады. Ал сенің лекцияларың қай күндері болады?
Қанат: Мен лекцияларға күн сайын барамын. Сейсенбі және бейсенбі күндеріңді қалай өткізесің?
Берік: Сейсенбі, бейсенбі күндері неміс тілінен жеке курсқа барамын.
Қанат: Қандай керемет! Мен де сенбі күндері “Оркестр” клубына барамын. Сені осы апта өтетін концертімізге шақырамын!
Берік: Тамаша! Міндетті түрде келемін. Көріскенше!
Қанат: Көріскенше!