Диалогтар: (13-күн)
A1
I.1
Алма: Маған дәрілер керек.
Мұрат: Қандай дәрілер?
Алма: Ауырсынуды басатын дәрілер.
I.2
Алма: Атам ауруханада.
Мұрат: Сауығып кетсін! Не болды?
Алма: Ота жасату керек.
Науқас: Қайырлы күн, дәрігер! Тамақтан соң асқазан тұсы жиі ауырады.
Дәрігер: Қандай тамақтарды жиі тұтынасыз?
Науқас: Көбінесе қуырылған картоп, палау сияқты майлы және қою тамақтар жегенде ауырсынады.
Дәрігер: Бірінші ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп көрейік. Нәтижеге байланысты ем-дом шараларын жазып беремін.
Науқас: Жақсы.
Дәрігер: Нәтижелері қуантарлық емес! Сізге диета сақтау қажет. Майлы және қою тамақтар жемеңіз. Олардың орнына сұйық тағамдарды тұтыныңыз.
Науқас: Жақсы, дәрігер.
Дәрігер: Кешкі асты тойып ішіп ұйқыға жатпаңыз. Кешкі астан соң 10-15 минут серуендеп қайтыңыз. Бұл асқорытуды жақсартады.
Науқас: Асқазан түйнеп ауырса қандай дәрілер ішуім қажет?
Дәрігер: Ол үшін тізімде көрсетілгендерді күніне тамақтан соң 3-рет ішуіңіз қажет.
Науқас: Көп рақмет!
Дәрігер: Ауырмаңыз, тез сауығып кетіңіз!