Диалогтар: (24-күн)

A1


I.1

Алма: Сіздің үйіңіз үлкен бе?

Мұрат: Иә, үлкен. Бірақ, менің бөлмем үлкен емес.

Алма: Кішкентай ма?

Мұрат: Жоқ, орташа.

I.2

Алма: Дүкен сізден ұзақ па?

Мұрат: Жоқ, ұзақ емес. Жақын.

Алма: Қаншалықты жақын?

Мұрат: Үйіміздің астында.

A2.1

Балауса: Сәлеметсіз бе. Бұл жылжымайтын мүлік сату компаниясы ма?

Риэлтор: Сәлеметсіз бе. Иә. Сізге қандай көмек көрсете аламын?

Балауса: Маған қала сыртында орналасқан үй қажет еді. Онда отбасыммен бірге тұрамын. Мен тұрмыстамын және екі балам бар.

Риэлтор: Қазір қарап көрейін. …. Сізге лайық бір үй таптым. 2 ванна, 3 жатын бөлме, 1 қонақ бөлмесі және үлкен ауласы бар тамаша саяжай бар. Үйдің бағасы 450 000 доллар.

Балауса: Үй маған қатты ұнап тұр, дегенмен отбасыммен ақылдасуым қажет. Сізге қайта хабарласамын. Көмегіңізге рақмет!

Риэлтор: Оқасы жоқ. Сіздің қоңырауыңызды күтеміз. Сау болыңыз!

Балауса: Сау болыңыз!

A2.2

Жанар: Қайырлы күн. Мен тыныш жерде орналасқан үйді жалға алғым келеді.

Риэлтор: Қайырлы күн. Қазір қарап көрейін. ….. Екі жатын бөлмелі бір пәтеріміз бар. Үй өзеннің жанында орналасқан. Үйге жақын жерде саябақ та бар.

Жанар: Керемет. Ай сайынғы жалдау ақысы қанша?

Риэлтор: Айына үш жүз елу доллар ғана.

Жанар: Тамаша. Үйді қашан көре аламын?

Риэлтор: Екі сағат бос уақытыңыз болса, дәл қазір бара аламыз.

Жанар: Тамаша болар еді.

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book