Диалогтар: (12-күн)
A1
I.1
Алма: Сізді не мазалап жүр?
Мұрат: Дене қызуым бар.
Алма: Қашаннан бастап?
Мұрат: Кешеден бері.
I.2
Алма: Дәріханадан дәрі сатып алыңыз.
Мұрат: Күніне қанша рет ішейін?
Алма: Үш рет.
Мұрат: Тамақтан кейін бе?
Алма: Иә. Ем болсын!
A2
Дәрігер: Сәлеметсіз бе! Сізді не мазалап жүр?
Жұлдыз: Қайырлы күн, дәрігер! Түнде дене қызуым көтерілді. Қазір, басым және тамағым ауырып тұр. Өзімді әлсіз сезініп тұрмын.
Дәрігер: Дене қызуыңызды өлшедіңіз бе?
Жұлдыз: Иә, өлшедім. Дене қызуым 39 градуске дейін көтерілді.
Дәрігер: Тамағыңыз ауырып, жұтындырмай тұр ма?
Жұлдыз: Иә, дәрігер. Жұтынсам тамағым ауырады.
Дәрігер: Қазір басыңыз ауырып тұр ма?
Жұлдыз: Қазір бас ауруы басылды.
Дәрігер: Ең әуелі дене қызуыңызды өлшеп көрейік.
Жұлдыз: Жақсы.
Дәрігер: Дене қызуыңыз 36.5 градуске түскен. Сізге қазір тұмауға қарсы бірнеше дәрі-дәрмек жазып беремін. Қабылдауды ұмытпаңыз!
Жұлдыз: Жарайды.
Дәрігер: Тамағыңызды тұзды сумен шайыңыз. Тізімде көрсетілген дәрілерді сатып алыңыз. Сұйықтықты көбірек ішіңіз.
Жұлдыз: Рақмет, дәрігер
Дәрігер: Ем болсын!