Диалогтар: (15-күн)

A1


I.1

Алма: Саған қандай спорт ұнайды?

Мұрат: Баскетболды ұнатамын.

I.2

Алма: Менің ойымша, шахбокс қызықты спорт. Сенің ойыңша?

Мұрат: Бейсбол қызықты.

A2

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Спорт-денсаулық кепілі”. Балалар, спорттың денсаулыққа қандай пайдалары бар?

Сәния: Физикалық жаттығулар көңіл күйді көтереді және стресспен күреседі.

Айша: Спортпен шұғылдану иммунитетті және төзімділікті арттырады.

Жұлдыз: Мидың ойлау және есте сақтау қабілеттерін жақсартады.

Мұғалім: Бәрің дұрыс айтасыңдар. Спорттың бізге тигізер пайдасы көп. Ал сендер қандай спорт түрімен шұғылданасыңдар?

Айша: Мен жүзумен айналысамын.

Сәния: Маған баскетбол ойындары ұнайды. Сол себепті, бос уақытымда достарыммен баскетбол ойнаймын.

Жұлдыз: Мен үлкен теннис ойнаймын. Бұл спорт түрі көздің көру қабілетін жақсартады және дене бұлшықеттерін шынықтырады.

Мұғалім: Жарайсыңдар! Спортпен шұғылдану – салауатты өмір салты.

 

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book