Диалогтар: (21-күн)

A1


I.1

Алма: Үш жейде аламын.

Мұрат: Қандай түстен?

Алма: Бірі қызыл, бірі жасыл, бірі де ақ болсын.

I.2

Алма: Аяқкиім аламын.

Мұрат: Сіздің өлшеміңіз қандай?

Алма: 40 өлшемді.

A2.1

Сатушы: Қайырлы күн!

Сатып алушы: Сәлеметсіз бе! Бүгін сүт өнімдері келді ме?

Сатушы: Иә, келді. Сізге қандай сүт өнімдері керек?

Сатып алушы: Мен 1 литр сүт, 1,5 литр айран аламын. Сізде сүзбе бар ма?

Сатушы: Иә, бар. Сізге қанша келі тартайын?

Сатып алушы: Сүзбеңіздің келісі қанша тұрады?

Сатушы: Сүзбенің 1 келісі 1500 теңге тұрады.

Сатып алушы: Олай болса, жарты кг сүзбе алайын.

Сатушы: Бізде қолдың құрттары да бар.

Сатып алушы: Құрттың 1 кг қанша тұрады?

Сатушы: 3000 теңге.  Қанша келі аласыз?

Сатып алушы: 1,5 кг құрт алайын.

Сатушы: Сауда жасағаныңызға көп рахмет, келіп тұрыңыз!

Сатып алушы: Сау болыңыз!

A2.2

Сатып алушы: Қайырлы күн. Айып етпесеңіз, ет өнімдері бөлімі қайда екенін айта аласыз ба?

Сатушы: Өкінішке орай, ет өнімдері бөлімі уақытша жабық. Жөндеуден өтіп жатыр.

Сатып алушы: Қап, әттеген-ай! Қашан ашылатынын білесіз бе?

Сатушы: Естуімше, екі аптадан кейін ашылады.

Сатып алушы: Жақсы. Рақмет! Сау болыңыз!

Сатушы:  Сау болыңыз!

 

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book