Диалогтар: (28-күн)

A1 


I.1

Алма: Ауа баптағышты қоса аласың ба?

Мұрат: Иә, өте ыстық. Мен де терледім. Қостым.

Алма: Бірнеше күн ыстық болады.

I.2

Алма: Ертең ауа райы қандай болады?

Мұрат: Ертең күн күркірейді. Жел ұйытқиды. Тұман күтіледі.

Алма: Күн суытады ма?

Мұрат: Қазір жылы, кешке салқын, ертең суық болады.

I.3

Алма: Ауа рауы аптап ыстық. Бір ай бойы жаңбыр жаумады.

Мұрат: Дұрыс айтасың, шөптер сарғайды.

Алма: Егер жаңбыр жауса, көгереді.

A2

Айгүл: Қалың қалай, Дина!

Дина: Бәрі жақсы, өзің қалайсың?

Айгүл: Менде бәрі керемет!

Дина: Демалыста не істедің? Қуаныштысың ғой!

Айгүл: Біз достарымызбен Бурабайға бардық.

Дина: Бурабайда ауа-райы қандай болды?

Айгүл: Таңғы уақытта самал жел тұрды. Түстен кейін күн шығып, жылына бастады. Сен демалыста не істедің?

Дина: Мен демалыста Алматыға бардым. Ол жерде ауа-райы тамаша болды. Айнала жасыл-желекке бөленген.

Айгүл: Тамаша демалыс болған сияқты!

Дина: Иә, керемет болды.

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book