Диалогтар: (30-күн)

A1 


I.1

Алма: Ең сүйікті жануарың қандай?

Мұрат: Жануарлардың барлығын жақсы көремін.

Алма: Ең жақсы көретінің қандай?

Мұрат: Мысықты жақсы көремін, бірақ аттарды да ұнатамын.

I.2

Алма: Күзетші не деді?

Мұрат: “Билетіңізді көрейін”- деді.

A2

Айша: Сәлем, Айнұр! Мен сені кеше хайуанаттар бағында көрдім.

Айнұр: Сәлем-Сәлем! Иә, мен кеше қалаға келген інілерімді хайуанаттар бағына алып барғанмын.

Айша: Оларға ұнады ма? Қалай болды?

Айнұр: Оларға ұнады, бірақ маған қатты ұнамады.

Айша: Неге?

Айнұр: Жануарларды аяп кеттім.

Айша: Ааа, иә, жануарларда еркіндік жоқ. Солтүстік полюсте өмір сүретін ақ аюды Алматыға алып келді.

Айнұр: Иә, сосын керікке жаным ашыды. Жануарларға қолайлы орта керек.

Айша: Егер жануарлардың күтіміне көмектескің келсе, біздің топқа қосыл. Біз демалыста хайуанаттар бағына барып, жануарларға күтім көрсетеміз.

Айнұр: Бұл керемет бастама екен! Келесі жолы мені де шақыр!

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book