Диалогтар: (2-күн)

Balaussa Amir

A1 


I.1

Мұрат: Қайырлы таң! Студентсіз бе?

Алма: Иә, студентпін

I.2

Алма: Қайда оқисыз? Қай университетте оқисыз?

Мұрат: Назарбаев Университетте оқимын

Алма: Қай факультетте оқисыз?

Мұрат: Магистратурада оқимын. Еуразиялық зерттеулер бағдарламасында.

I.3

Алма: Нешінші курста оқисыз?

Мұрат: Түсінбедім. Қайталайсыз ба?

Алма: Нешінші курста оқисыз?

Мұрат: Бірінші курс студентімін.

I.4

Алма: Бұрын қайда оқыдың?

Мұрат: Вена университетінде оқыдым.

A2.1

Жеңісбек: Қарлығаш, қалың қалай? Сені көрмегелі көп болды.

Қарлығаш: Қалым жақсы. Өзіңнің қалың қалай? Саған жақсы жаңалығым бар.

Жеңісбек: Қандай?

Қарлығаш: Мен жазғы семестрде мұғалімнің көмекшісі болып жұмысқа тұрдым.

Жеңісбек: Қандай тамаша жаңалық! Сені жаңа жұмысыңмен құттықтаймын.

Қарлығаш: Рақмет, Жеңісбек. Сен жұмыс таптың ба?

Жеңісбек: Жоқ. Әлі таба алмадым.

Қарлығаш: Менің саған ұсынысым бар. Сен математикадан өте жақсысың. Менің ініме математика пәнінен онлайн сабақ бере аласың ба?

Жеңісбек: Ойланып көрейін. Саған апта соңы жауабымды жазамын.

Қарлығаш: Әрине. Жауабыңды күтемін!

Жеңісбек: Жақсы. Сау бол.



A2.2

Арман: Әсия, мектеп бітіргенде кім болғың келеді?

Әсия: Менің арманым – білікті дәрігер болу. Сен өскенде кім болғың келеді?

Арман: Мен Google компаниясында IT- маманы болғым келеді.

Әсия: Бұл компанияда жұмыс істеу үшін ағылшын тілі деңгейің жоғары болу керек.

Арман: Келісемін. Сол үшін әр сенбі, жексенбі күндері ағылшын тілін үйреніп жүрмін.

Әсия: Саған сәттілік тілеймін!

Арман: Рақмет!



License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Balaussa Amir. All Rights Reserved.

Share This Book