Диалогтар: (4-күн)

Balaussa Amir

A1


I.1

Алма: Қай мемлекеттен келдіңіз?

Мұрат: Мен Қазақстанда тұрамын.

Алма: Қазақстанның қай жеріненсіз?

Мұрат: Шығыс Қазақстаннан.

I.2

Алма: Қай қаладансыз?

Мұрат: Өскеменнен.

Алма: Қалаңыз әдемі ме?

Мұрат: Өте әдемі.

A2.1

Элиза: Сәлем, шетелдік студенттердің кездесуі қай жерде өтетінін білесің бе?

Ирем: Иә, білемін. Мен де сол кездесуге бара жатырмын.

Элиза:  Керемет, онда бірге барайық. Менің есімім Элиза. Сенің атың кім?

Ирем: Менің есімім Ирем. Танысқаныма қуаныштымын.

Элиза: Мен де қуаныштымын! Есімің ерекше екен. Сенің ұлтың кім?

Ирем: Мен түрікпін. Менің отбасым Анкарада тұрады. Сен қай жақтансың?

Элиза: Мен Германиядан келдім.

Ирем: Сен Германиядан қашан келдің?

Элиза: Мен Қазақстанға таңертең келдім. Кампуспен жаңадан танысып жатырмын.



A2.2

Селин: Дамир, сен қандай тілдерді білесің?

Дамир: Қазақша, ағылшынша, моңғолша жетік білемін.

Селин: Мәссаған, сен 3 тіл біледі екенсің ғой!

Дамир: Иә, үш тіл. Сен қанша тіл білесің?

Селин: Мен тек түрікше және ағылшынша білемін. Қазақ тілін үйреніп жүрмін.

Дамир: Қазақ тілі деңгейің қандай?

Селин: А2, яғни бастапқы деңгей.

Дамир: Бос уақытыңда саған қазақ тілінде айтылымды жақсартуға көмектесе аламын.

Селин: Керемет болушы еді. Көп рақмет!

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Balaussa Amir. All Rights Reserved.

Share This Book