Диалогтар: (6-күн)
A1
I.1
Алма: Сен қанша тіл білесің?
Мұрат: Мен үш тіл білемін.
Алма: Қандай тілдерді білесің?
Мұрат: Қазақша, ағылшынша және түрікше
I.2
Алма: Сенің ана тілің қай тіл?
Мұрат: Қазақ тілі, бірақ түрік тілін де жақсы білемін.
Алма: Түрік тілін қашан үйрендің?
Мұрат: Екі жыл бұрын үйрендім
A2.1
Балнұр: Сымбат, қалың қалай?
Сымбат: Менде барлығы жақсы. Өзің қалайсың?
Балнұр: Керемет! Бүгін француз тілі сабағына бардым.
Сымбат: Сабақ ұнады ма?
Балнұр: Әрине, жаңа сөздер үйреніп жатырмын.
Сымбат: Қиын емес пе?
Балнұр: Бастапқыда қиын болды. Мен қазір үйреніп кеттім.
Сымбат: Шынымен бе? Француз тілін қанша уақыт үйреніп жүрсің?
Балнұр: Шамамен 4 ай болды.
Сымбат: Сен француз тілінен басқа қанша тіл білесің?
Балнұр: Қазақ, орыс, ағылшын және испан тілдерін білемін.
Сымбат: Сен полиглот екенсің ғой!
Балнұр: Көп рақмет!
A2.2
Арай: Қазыбек, сен Жапонияда қанша жыл тұрдың?
Қазыбек: Мен Жапонияда екі жыл тұрдым.
Арай: Тамаша! Сен жапонша сөйлей аласың ба?
Қазыбек: Әрине. Менің жапон достарым бар. Мен олармен бірге жаттығамын.
Арай: Сен жапон тілін қай деңгейде білесің?
Қазыбек: Мен орта деңгейде білемін.
Арай: Керемет! Менің де жапон тілін үйренгім келеді.