Мәтіндер: (13-күн)
Ұйқысыздық салдары
Ұйқы — тамақтану, таза су секілді адам өмірі үшін маңызды үрдістердің бірі. Ұйықтау арқылы ағзаның иммундық жүйесі реттеледі, вирус пен бактерияларды жеңу мүмкіндігі артады.
Ұйқы режимінің бұзылуы жиілесе, оның да берер өз салдары бар.
# 1 Артық салмақ
Ұйқының қанбауы артық тамақ жеуге себеп болады. Егер ұйқы жетпесе, жетіспейтін энергияны калориясы жоғары тағамдар арқылы толтыруға тырысады.
#2 Жүрек ауруы
Ұйқысыздықпен қатар жүретін белгілердің бірі — жүрек соғысы мен қан қысымының артуы. Ұйқы кезінде қысым азайып, жүрек тыныштық жағдайына келеді. Егер ұйқыңыз дұрыс болмаса, соғұрлым инфаркт алу мүмкіндігіңіз жоғары.
Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.