Мәтіндер: (17-күн)

Қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлейтін мейрамханалар

🍴 Жайлау

Мекен-жайы: Орманова 132

Орташа чек: 3500-4000теңге

Дизайны толықтай қазақи нақыштағы кафеде ұлттық тағамдардың түр-түрі бар. Жұмыс күндері сағат 12:00-ден 15:00-ке дейін түскі асқа 30% жеңілдік болады. Піскен нанның ішінде берілетін сірне — 3200 теңге, бешбармақ 2000 теңге тұрады. Кафеде 3990 теңгеге қақталған сиыр, жылқы, үйрек етінен және қазыдан дайындалған «Жігіттер» деп аталатын ассорти бар.

🍴 Шах

Мекен-жайы: Гагарин даңғылы 292 Сәтбаев 5 Ақбұлақ шағын ауданы, Хан шатыр 287/1

Орташа чек:  5000 теңге

«Шах» мейрамхана кешенінің ас мәзірінен қазақтың ұлттық тағамдарын таба аласыз. Ерекше тағамдарды ұнататын жандар 3888 теңгеге карамель соусында әзірленген қой қабырғаларынан, 1388 теңгеге «Хасып-Асып» атты дәстүрлі қазақ шұжығынан дәм тата алады. Күн сайын сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін 20% жеңілдік көрсетіледі.

🍴 Абай

Мекен-жайы: Абай даңғылы 30а

Орташа чек:  2000 теңге

Туристердің жиі баратын жері — «Көк Төбеде» орналасқан мейрамханадан қаланы жоғарыдан тамашалауға болады. Шаймен қоса 3 мың теңгеге жент, ірімшік, құрт, чак-чак, тарыдан тұратын қазақша ассортиге тапсырыс бере аласыз. Балқаймақ та тіскебасарлардың қатарында ұсынылған.

 

Сурет 1. Жент

Сурет 2. Балқаймақ

Сурет 3. Құрт

Сурет 4. Чак-чак

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book