Мәтіндер: (19-күн)
Наурыз мейрамы
- Наурыз мейрамы — әлемнің ең көне мейрамдарының бірі. Орта Азия халықтарында 5000 жыл бойы тойланып келеді.
- «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді.
- Наурыздың дәстүрлі тағамы — «Наурыз көже». Ол жеті түрлі азықтық заттан тұрады.
- Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.
- Наурыз Қазақстанда ғана тойланбайды. Жақын шетелде (Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Наурыз мейрамын қарсы алады.
Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.