Мәтіндер: (20-күн)

Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау 

Наурызда қалай киіну керек?

Қазіргі уақытта қазақтар ата-бабасының материалдық мәдениетін де еске алады. Мерекені тойлай отырып, олар ұлттық киімдер киеді. Қыздар ашық түсті, бүрме етек көйлектер киеді. Көйлектер оюланып сәнделген. Қыздар шаштарын қос бұрым қылып өреді. Аксессуарлар арасында күміс әшекейлер кең тараған. Ер адамдар алтын түстес жіптермен зерделенген ұзын шапан және соған сәйкес тақия мен бөрік киеді.

Қандай тілектер тілеу керек?

Бұл мейрамда қазақстандықтар бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдіреді. Солардың ішінде ең жиі айтылатындар: “Наурыз мейрамы құтты болсын! Ақ мол болсын!”. Жауап ретінде  “Бірге болсын!” деп айту қажет.

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book