Мәтіндер: (25-күн)

Қонақ деп кімді айтады?

Үйге келген мейманды “қонақ” деп атайды. Қазақ халқының әдеп-ғұрпы бойынша үйге келген адам ішке баса-көктеп кірмейді. Сырттан дауыстап, үйдегілерге белгі береді. Үйге келген қонақтың міндетті түрде орындайтын ең бірінші шарты шаңыраққа сәлем беріп кіру. Түсте келген қонаққа “түстік”, кешке келген қонаққа үй иесі “қонақасы” береді. Қонақтар жасының үлкендігі мен мәртебесіне сәйкес төрден есікке қарай орналасады. Үй иесі болмаса келген қонақ ұсынылған астан дәм татқан соң басқа, үй иесі бар отбасына барып түнейді. Қонақты үй иесінің өзі есікті ашып қарсы алады. Қонақтар кетерде үй иелері есікті ашып, шығарып салса, бұл қонақтарды қуған болып саналады.

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

 

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book