Мәтіндер: (28-күн)

Шымкент қаласында аптап ыстық күтіледі

Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтау керектігін ескертеді. Себебі, ыстық ауа райы жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертензиясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті. «Бас киімсіз далаға шықпаңыз, күн сәулесі тиюден сақ болу үшін күндіз қарт адамдар мен балалар серуендеуден бас тартқаны жөн. Физикалық жаттығуларды тоқтату керек. Созылмалы аурулары бар адамдар дәрігердің ұсыныстарын нақты орындап, тағайындалған дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет», дейді мамандар.

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book