Мәтіндер: (30-күн)

   Ғалымдар Жер шарындағы жәндіктердің азаюына байланысты 73 зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, ғаламшарымыздағы жәндіктер жылына 2,5 пайызға қысқарып бара жатқаны анықталған. Егер осылай жалғасатын болса, тағы 1 ғасырдан кейін жер бетінде мүлдем жәндіктер қалмайды екен. Еуропада 30 жылдан астам уақыт ішінде жәндіктердің саны 80 пайызға азайып, құстар популациясының 400 миллионға жуығы жойылып кеткен. Бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының 2014 жылғы баяндамасында 1970 жылдан бастап жабайы жануарлардың саны екі есеге азайып кеткені туралы жазылған.

Ақпарат дереккөзін бұл сілтеме арқылы табыңыз.

 

License

LEARN TURKIC LANGUAGES Copyright © by Funda Güven; Zhazira Agabekova; Balaussa Amir; Yulduzkhan Turgunova; Dariga Kanatova; Adiya Ibrayeva; Maftuna Khalmatbayeva; Anargul Essenaliyeva; Dilyara Ergashvayeva; Nargiz Karamova; and Sanam Maratova. All Rights Reserved.

Share This Book